Танымал әншінің балаларымен түскен суреті көпшілікті сүйсіндірді (фото)

Oinet.kz 13-05-2021 9404

Танымал әнші Динара Сұлтанның балаларымен түскен суреті көпшілікті сүйсіндірді. Бұл суретті ол Instagram парақшасында жариялады.

Динара Сұлтан балаларымен.jpg

- Мамасының балалары. Қонаққа мені шақырмаңыз, үйіңізді көшіріп жібереміз. Ауызашарға жиналған түріміз,қолда қырық бес сөмке, домбыра, арба т.б. Мен сияқты көпбалалы аналарды белгіле, мен сіздермен біргемін - деп жазды ол.

Әншінің ерекше әсерлі суретін көрген желі қолданушылары жылы лебіздерін білдіруде. 

- "Шақырмаса шақырмасын,тек осындай бақыт бұйырсын", "Динара! Құмырсқаның илеуіндегідей болсын, үйіңіз. Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығардай тату-тәтті болсын, перзенттеріңіз!", "Маған да осындай көпбалалы ана болу бұйырсын", "Динара, қандай жүректі анасыз. Қошемет, балаларыңыз аман болсын", "Бұл деген байлық қой байлық. Ең қымбат қазыналар ғой. Алла барлықтарына ұзақ және бақытты ғұмыр берсін", "У-шу, абыр-дабыр, осындай шу бәріңізге бұйырсын!", "Машааллаһ! Бізге де жұғысты болсын!", "Құдай тіл көзден сақтасын. Керемет. 7 баланың анасысызба? Білмейді екем. 5 балаңыз бар деп жүргенмін негізі" - деп жазды желі қолданушылары.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Dinara Sultan (@dinara_sultan1)

Айгүл Иманбаева сахнада жылап қалды (видео)
Белгілі әнші әке атанды (фото)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу