Айгүл Иманбаева сахнада жылап қалды (видео)

Oinet.kz 13-05-2021 6050

Танымал әнші, актриса Айгүл Иманбаева концерт барысында анасына ақ тілегін арнап, көзіне еріксіз жас алды. Әншінің видеосы dudaray Instagram парақшасында жарияланды.

Айгул Иманбаева.jpg

- Өнер күрес болғанда алыса білуді, өмір көкпар болғанда тартыса білуді үйреткен, өнер бәйгесі жарияланса жеңу керектігін, тағдыр сынақ ұсынса көну керектігін, қиындық келсе жасымауға, бақ келсе тасымауға үйреткен, менің алтын құрсағым, жер бетіндегі жұмағым, тағынатын тұмарым, ақ батасы сауыты болған, ақ  тілегі қорғаным, ақ ниеті орманым болған анашым сен ғана - деді актриса. 

Айгүл Иманбаеваның әсерлі видеосын көрген көпшілік оған алғысын жаудырып, анасына бақыт тілеуде.

- "Керемет сөздер! Көзіме жас келді. Анаңыз осы сөздерге лайық адам!", "Керемет, жүрек тебірентер сөздер. Аналарымыз аман болсын!", "Сөз қадірін білген деген осы болар керемет", "Еріксіз көзіме жас келді, анамды құшақтағым келгені-ай", "Айгүл Иманбаеваны жанымнан артық жақсы көремін. Ерекше жанғой, жүз жасағыр", "Айгүл нағыз киелі сахнаның адамы өжет, талантты жан, жан-жақты, өнерлі", "Айгүл сіңілімді анам қатты жақсы көреді, жұлдызың жана берсін" - деп жазды желі қолданушылары.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от DUDARAY | ДУДАРАЙ (@dudaray)

Алтынай Жорабаеваның отбасылық суреті көпшілікті сүйсіндірді (фото)
Танымал әншінің балаларымен түскен суреті көпшілікті сүйсіндірді (фото)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу