Бризоль дайындау

Oinet.kz 08-10-2019 2297

Screenshot_8.jpg

Бризоль – жасалынуы жеңіл, сәнді әрі тойымды тамақ.

Құрамы: 

фарш

жұмыртқа

майонез

тұз

бұрыш

аскөк

Дайындалуы:

Адам санына қарай жұмыртқа қолданыңыз. Жұмыртқаны аздап тұз бен аскөк қосып араластырыңыз да, майға қуырып алыңыз. Бір жұмыртқа қуырылып тұрғанда екіншісін дайындаңыз. Осылай кісі санына қарай жұмыртқа қуырып аласыз. Фаршқа майонез, қара бұрыш, тұз қосып араластырыңыз. Әрбір жұмыртқаның ішіне осы ет қоспасынан қойып, ораңыз. Майланған ыдысқа қойыңыз. (Егер фарш артылып қалса, аздап нан жұмсағын қосып, суреттегідей майда майда котлет жасауыңызға болады). Барлық жұмыртқаларды орап болған соң, үстіне майонез жағып, үккіштен өткізілген ірімшік сеуіп қойыңыз. Енді осыны 200С ыстық духовкада үсті қызарғанға дейін пісіріңіз. Гарнирға күріш жасасаңыз болады.

АСТАРЫҢЫЗ ДӘМДІ БОЛСЫН!!!

Киноа деген не? Әзірлеу тәсілі
Ұлттық тағам - Жент
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу