Жириновский: Беларусь жыл соңына дейін Ресей құрамына кіреді

Oinet.kz 20-08-2020 1217

Ресейлік танымал саясаткер Владимир Жириновский 2020 жылдың соңына қарай Беларусь Ресей құрамына кіреді деген мәлімдеме жасады. Сондай-ақ ол ел президенті Александр Лукашенко өз орнынан әдемі кету керек деп есептейді, деп жазады Oinet.kz сайты KAZ.NUR.KZ. сайтына сілтеме жасап.

image.png

Жириновский Беларусьтегі жағдай мен ел болашағына қатысты болжамын "Эхо Москвы" радиосының журналистерімен бөліскен. 

"Осы жылдың соңына дейін Беларусь Ресей құрамына кіреді", - деп мәлімдеді Жириновский. 

Ол Лукашенко өз орнына үкімет төрағасы етіп бейтарап үміткерді тағайындап, бірнеше айға демалуы керек деп есептейді. Содан кейін, оның пікірінше, елдің Ресей Федерациясына кіруі туралы мәселе парламент алдында көтерілуі керек. Осыдан кейін мемлекет Могилев және Минск деген екі аймаққа бөлінеді. 

Жириновскийдің ойынша, "Лукашенкоға керек емес болғандықтан" елде тағы да бір сайлау өткізудің қажеті жоқ.

"Ол жеңілгісі келмейді. Ол тарихта қалуы үшін Богдан Хмельницкий секілді әдемі кеткісі келеді", - деді саясаткер. 

Осы ретте Жириновский Ресейге қосылу болған жағдайдан шығудың ең тиімді тәсілі. Оның ойынша, басқыншылық болмайды. 

Мектептердегі компьютерлер балаларға уақытша пайдалануға беріліп жатыр
Семейде балалар үйінің тәрбиеленушісі көз жұмды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу