Ұлттық тағам - Жент
Жент — халқымыздың ұлттық тағамы. Бұны әр өңір әртүрлі етіп жасайды. Бүгінгі сіздерге көрсететін түрі — ең жеңіл түрі.
Құрамы:
Талқан — 4 стақан
Мейіз — 100 гр.
жаңғак — 100 гр.
Қоюлатылған сүт (сгущенка) — 1 баночка
Сары май — 100 гр.
Дайындалуы:
Алдымен, мейізді 5 — 10 минут жылы суға салып жібітіп, кептіріп аламыз. Талқанды ыдысқа салып, үстіне ұсақтап туралған мейіз бен жаңғақты саламыз.
Қоюлатылған сүттің жартысын құйып, араластырамыз. Қоюлатылған тәтті сүттің түр — түрі болғандықтан, қалған бөлігін аз-аздан құйып отырамыз. Жентті алақанымызға салып, қатты қысқанда пішінін жоғалтпай, үстап тұратындай болу керек. Соңынан жұмсарған май салып, өзіңіз қалаған пішінде жасасаңыз болады.
Астарыңыз дәмді болсын!