Бақилық болған адам түсіңізге кірсе...

Screenshot_7.jpg

- Егер түсіңізде қайтыс болған әкеңізді, атаңызды, анаңызды не әжеңізді көрсеңіз, бұл қиындықтардан арылатыныңызды аңғартады.

- Жаныңда тірі жүрген адамдар түсіңізде бақилық болса, олардың ұзақ өмір сүретіндгінің белгісі.

- Қайтыс болған адам сізді ұрып жатқан болса, ол сіздің күнәлі іске барғаныңызды аңдатады.

- Егер қайтыс болған адам түсіңізде жаман әрекеттерге барса, ол сізді дәл осы әрекеттерден сақтандырғанын білдіреді.

- Қайтыс болған адам отбасын құрмаған болса, жақын арада үйленетініңіздің белгісі. Ал егер қайтыс болған адам отбасылы болса, жақындарыңыздан алыстауыңыз немесе ажырасуыңыз мүмкін.

- Бақилық болған адам түсіңізде игі іс жасаса, бұл сіздің де осы істі жасауыңыз керектігінің нышаны.

- Қайтыс болған адам түсіңізде тірі жүріп, жағдайы жақсы болса, бұл оның о дүниедегі жағдайының жақсылығын аңғартады.

- Егер түсіңізде қайтыс болған адаммен құшақтасып, сөйлессеңіз, ғұмырыңыз ұзарады.

- Түс көруші қайтыс болған бейтаныс адамды сүйсе, күтпеген жерден бақыт пен байлыққа кенелуі ықтимал. Егер қайтыс болған танысын сүйсе, ол адамнан білім үйреніп немесе артында қалған байлығын иемденуі мүмкін.

- Түсіңізде қайтыс болған адам жақсы әрі таза зат ұсынса, ол - өміріңізде күтпеген жерден қуантарлық және қайырлы затқа ие болатыныңыздың белгісі. Ал егер ұсынған зат кір болса, алдағы күндері жаман әрекетке баруыңыз мүмкін.

- Қайтыс болған адам түсіңізде мешітте жүрсе, ол адамның жаны тыныш тапқандығын аңғартады. Себебі түсте көрген мешіт - тыныштық пен қауіпсіздіктің белгісі.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қария шөбересінің алақанынан су ішсе, жұмаққа барады
  • Қазақ дәстүрінде қалың мал беру болған ба?
  • Кәрі жіліктің киесі
  • Санта Клаус жайлы аңыз-әңгіме
  • 2000-2017 жылдары аралығында бес жасқа дейінгі 123 миллион бала қайтыс болды
  • Ақпарат

    • Oinet.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16379-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер

  • Яндекс.Метрика