Каспийді Аралдың тағдыры күтіп тұр ма?
17-10-2022
Сан-Пауладан небәрі 35 км қашықтықта орналасқан аралға адамдарға баруға тыйым салынған.
Бұл жерде қонақ үйлер де, жағажайлар да жоқ, адамдардың әңгімелері естілмейді, бұл орманда жануарлар да жоқ. Бұл арал Атлант мұхитының жағасындағы ең үздік экзотикалық курорттардың бірі бола алар еді. Бірақ туристер мұнда аяқ баспайды. Ең қызығы, мұнда тіпті кіруге тыйым салынған. Оның сыры неде?
Кеймада-Гранди немесе Жыланды - бұл Атлант мұхитындағы елсіз арал. Ол жердегі ең қауіпті орындар тізіміне кіреді. Оның территориясында 12 000 улы жылан мекендейді. Олардң ішіндегі ең улысы – найзабас жылан. Уы тірі ағзаға дереу әсер етіп, тіндерді өлтіре бастайды. Нәтижесінде аз уақыт ішінде сеспей қатады.