«Жанға жағып барады» - Қарақат Мальдив аралдарында қалай қыдырып жүргенін көрсетті (видео)

Oinet.kz 18-11-2021 2145

Танымал әнші Қарақат Әбілдина Мальдив аралдарындағы демалысы қалай өтіп жатқаны туралы жазды. Бұл туралы ол Instagram парақшасында жазды.

Қарақат.png

- Ойлап отырсам, бұл менің балаларсыз шыққан алғашқы демалысым екен. Әр қайсына алаңдап “ у да шу “ болып жүргенде демалысымның қалай басталып,қалай өте шыққанын білмей қалушы едім. Осы жолы бір рақат тыныштық дейсің. Жанға жағып барады. Әйтсе де біртүрлі. Үйрене алмай жатыр миым да құлағым да. Шетел асып жиі шықтық қой, көбіне Араб әмірлігі, Түркия елдерімен шектелеміз.Баламен барғанға жолы да, сервисі де жақсы, ең басысы тамағы дұрыс.Балаларға жайлы болса болды ғой бізге.

Осы жаққа келуім - өзім үшін өте жақсы болды. Бір демалғаным осы екен, үлкен күш, жаңа идеямен оралатынымды сезем. Мұнда уақыт та басқаша өтетін сияқты. Кей елдің бір жеріне қызығып жетсең сурет пен видеодағысына дәл келмей, көңіліңің сап басылып жатады ғой. Ал мұнда видеодан да әдемі, тамаша. Кешегі жазбаның астында “ бізге де бұйырсын” деген көп жақсы тілек бар. Бұйырсын! Алла бұйыртсын! Бірақ, “ Ооой, бізге қайдан олай, тек арман ғой” деген де бар. Сіз солай шектесеңіз, шектелсеңіз қайдан болсын?! Айтылған сөз - атылған оқ. Әр сөз - дұға, тілек. Қабыл болып кетеді ! Жақсылық көрсеңіз, жұғысты болсын деп ниет етіп қоя салуда пайда бар. Солай емес пе, Жақсы Адамдарым! - деп жазды әнші.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Karakat Abildina (@karakat_a)

Мадина Сәдуақасова: «Қасымдағы жігіт кім?» (фото)
«Бұл жігіт не істемеді» - Қарақат Әбілдина ұлы туралы құпияны айтты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу