Агата Кристи жайында деректер
Агата Мэри Кларисса Маллоуэн 15 қыркүйек 1890 — 12 қаңтар 1976) — детекивті проза авторларының ішіндегі ең танымал жазушы.
Кристи өз шығармашылық жолында 60 детективті роман, 6 психологиялық роман және 19 әңгімелер жинағын шығарған.
Оның 16 пьесасы Лондон қаласында қойылған, кітаптары 4 миллиардтан астам тиражбен сатылып, 100 тілден көп тілге аударылды.
Агата Миллер 15 қыркүйек күні 1890 жылы, Торки қаласында туған. Миллер отбасысында Агатадан басқа бауырлары Маргарет Фрэри және Луис Монтан болды.
Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде Кристи ауруханада медбике болып істеді. Бұл жұмыс оған қатты ұнайтын және Агата оны ең пайдалы мамандық деп атады. Ол фармацевт болып та істеді, мүмкін осы жұмысы оның оқиғаларындағы өлімдерге әсер етті. Себебі ол кездестірген 83 өлім уланудың кесірінен болды.
Көбінесе талантты адамдармен болатын дисграфия ауруынан Агата да зардап шекті. Оның барлық шығармалары ауызша айтылып, жазылып отырған.
Агата Кристидің алғашқы романын жазуына себепкер оның әдебиетші әпкесі болды. Ол әпкесіне өзінің одан мықты екенін дәлелдегісі келеді.
Бірінші рет Агата Арчибальд Кристиге күйеуге 1914 жылы шықты. Олардың Розалинда атты қыздары дүниеге келеді. 1926 жылы Агата Кристи анасы қайтыс болды және сол жылдың аяғында Агата күйеуіне өзінің басқа біреуге ғашық екенін айтады.
1930 жылы Ирактағы сапарында ол Маркс Маллоуэнмен мен танысады. Олар бір бірін жақсы көріп, некелерін қияды.
1971 жылы оның денсаулығы нашарлай бастады. Бірақ ол сонда да шығармашылығын, жазуын тоқтатқан емес. Дәрігерлердің айтуы бойынша Агата Кристи Альцгеймер ауруына шалдыққан. 1976 жылы ол Уоллингфорд қаласындағы үйінде қайтыс болады.
Агатаның екінші күйеуі өзінен 15 жас кіші болған. Ол археолог бболатын. Және Агатаның екінші күйеуімен қарым қатынасы әлдеқайда жақсы болды.