Электр шәйнегінен келетін қауіп
Кейде қауіп бізді күтпейтін жерден келеді. Электр шәйнегі сияқты әдеттегі тұрмыстық заттардан не күтуге болады? Бірақ көптен бері жүргізілген зерттеу нәтижесінде 30 шәйнектің 8-де формальдегидтің бөлінуі анықталды! Осы заттың концентрациясы барлық нормадан асып түсті. Түрлі шәйнектерден күнделікті шай ішуден денсаулықты сақтау керек. Сіз күніне кем дегенде бір рет шәйнек суын пайдалатыныңыз анық. Себебі біз қазақпыз.
Ең қауіпсіз шәй ішу шәйнек материалына мән беру, дұрыс таңдау болып табылады.
Шәйнектерді жасау үшін қолданылатын материалдардың бірнеше түрі бар:
Керамика - ең қауіпсіз материал, суға қауіпті заттарды, тіпті қатты қызған кезде де бөлмейді. Мұндай шәйнек өте нәзік болатынын ғана ескеру маңызды, бірақ онымен абай болсаңыз, оны денсаулық туралы алаңдамай, тыныш 10 жыл қолдануға болады.
Шыны - бұл зиянсыз материал. Бұл материал бізге үйреншікті пластикадан экологиялық жағынан әлдеқайда зиянсыз болып есептелінеді.
Металл шәйнектердің жасалу әдісі біраз қиын. Металл шәйнектерді жасау кезінде әдетте алюминий немесе тот баспайтын болат қолданылады. Бұл типтегі шәйнектерді біз бала кезімізден көріп келеміз. Алюминийден жасалған шәйнектер қауіпсіз болу үшін әдетте алюминий оксиді қабатымен жабылған. Бірақ бұл қабаттың зақымдануы кезінде (мысалы, шайнек мұқият жумау сияқты) осы металл иондарының бөлінуі мүмкін, бұл адам денсаулығына теріс әсер етуі мүмкін. Сондықтан металл шәйнектерге аса мұқияттылықпен қарау қажет.
Ең көп таралған және арзан материал - пластик. Бұл көптеген қауіптердің көзі болып табылады, өйткені қыздыру кезінде суға әртүрлі заттар бөлуі мүмкін. Десе де пластик те әрдайым залалды емес. Барлығы шәйнек жасау үшін қандай қосылыстың қолданылуына байланысты. Егер бұл поликарбонат болса, онда сіз пластик қауіпсіз және оны пайдалануға әбден болады. Егер сіз пластмассаның иісін сезсеңіз және шәйнектің шетінде кедір-бұдырлықты байқасаңыз, онда сіздің алдыңызда полипропилен шәйнек. Бұл материалды шәйнек суында формальдегидтің пайда болуы мүмкін. Ал ол денсаулық үшін өте қауіпті болып табылады.
Тағы бір маңызды ескерту пластик шәйнектегі суды ысыту оның қауіпін арттырады. Сондықтан бір қайнаған суды қайта пайдалануға тиым салынады.