"Хутор" басшысы делінген Хасан Қасымбаев 12 жылға сотталды

Oinet.kz 11-11-2025 52

Алматы облысының Талғар аудандық соты Хасан Қасымбаевқа үкім шығарды. Бұл туралы Oinet.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Screenshot_1.jpg

Ол адам ұрлады, пара талап етті және денсаулыққа ауыр зиян келтірді деп айыпталып, 12 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын орта қауіпсіздік режиміндегі түзету мекемесінде өтейді.

Хасан Қасымбаевтан бөлек, істі қарау барысында тағы бес айыпталушы болды. Олар да дәл сол баптар бойынша 8 жылдан 22 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылды.

Р. А. – 20 жыл;

С. А. – 8,5 жыл;

М. К. – 12 жыл;

Д. А. – 8 жыл

Н. С. – 22 жыл.

Бұған дейін мемлекеттік айыптаушы Ерлан Құланбаев Хасан Қасымбаевты 15 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған еді. 

Сот залында болған тілшіміз Хасан Қасымбаевтың өзі отырған кабинаны сындырып тастағанын айтты. Ол журналистердің сот залынан шығуын талап еткен. 

Айыпталушы мен туыстарының қарсылығынан соң журналистер сот залынан шығарылды. Сот мұны журналистердің қауіпсіздігі үшін жасалды деп түсіндірген.

Айта кетейік, “Хутор” бандасының басшысы делінген Хасан Қасымбаев 2024 жылдың 2 қарашасында, талғарлық жасөспірім Шерзат Полаттың өлімінен бір айдан кейін ұсталған еді. 

"Сегіз ай ішінде сегіз соғыс тоқтауына ықпал еттіңіз" - Тоқаев Трампқа
Қазақстан жастары қытай тілін меңгеруі тиіс – Тоқаев
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу