Олигарх Александр Клебанов пен Сергей Канды алдап соғып, 300 миллионнан астам қаржыны қолды еткен

Oinet.kz 10-11-2025 39

Алмалы аудандық сотында 40 жастағы Талғат Алдымұратовтың ісі қаралды. 9 жыл жеке сот орындаушысы ретінде жұмыс істеген Талғат Алдымұратовты кәсіпкерлер Александр Клебанов пен Сергей Каннан алынған жүздеген миллион теңне қаржыны ұрлады деп айыпталды. 

Screenshot_1.jpg

“Kozachkov offside” Telegram-арнасының мәліметінше, бұл жағдай бірнеше жыл бұрын болған. Ол “Орталық Азия жанармай-энергетикалық компаниясы” акционерлерінің арасында келіспеушіліктен басталды. Александр Клебанов пен Сергей Каннан бөлек, Еркін Әмірханов та кәсіпорын серіктесі болған. Үшеуінің де ортақ қатысушысы “Эксимбанк Қазақстан” еді.

Уақыт өте серіктестердің арасындағы дау ушығып, нәтижесінде Еркін Әмірханов коммерциялық сыбайлас жемқорлық жасады деп айыпталып, 2018 жылы Астана тергеу изоляторына қамалды. Оның ісін Комитеттің бесінші департаментінің басшысы Руслан Искаков қадағалаған. Кейін оның өзі де қаңтар оқиғасы бойынша 15 жылға бас бостандығынан айырылды.

Еркін Әмірханов тікелей уақытша ұстау изоляторында қажетті құжаттарға қол қойып, нәтижесінде Клебанов пен Канға борышкер болып қалды. Бұл іс блойынша атқарушы өндірісті жеке сот орындаушысы Алдымұратовқа тапсырған. Ол Әмірхановтың барлық активтерін тауып, содан кейін мүлікті 1,3 миллиард теңгеге сатты.

Заң бойынша, жеке сот орындаушысына осы мәмілелерден 3% ғана алуға рұқсат. Бірақ ол 20%-дан астамын өзіне қалдырған. “Орталық Азия жанармай-энергетикалық компаниясы” АҚ-на миллиард теңгеден аз ақша аударса, өзіне 370 миллион теңге алып қалған. 

Сонымен қатар Талғат Алдымұратов Еркін Әмірхановтың әйелінен “Range Rover” автокөлігін тартып алып, аукцион қорытындыларын бұрмалап, оны 20 миллион теңгеге өз таныстарының біріне сатқаны белгілі болды. Жеке сот орындаушысы бұдан бөлек, компаниядан шамамен 6 миллион теңге алып, оны“Орталық Азия жанармай-энергетикалық компаниясы” АҚ-на аударуы керек еді, бірақ бұл жолы да қаржыны өзі иемденген.

Осылайша Талғат Алдымұратов үш жағдай бойынша ұрлық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 8 жылға сотталды. Жеке сот орындаушысынан “Range Rover” автокөлігінің ақшасы өндіріп алынды, сонымен қатар мемлекет кірісіне 4 жылжымайтын мүлік объектісі мен 2 автокөлік тәркіленді.

«Қазақы тазы» тұқымына арналған аңшылық сынақтар өтті
Алматыда балалар үйі өртенген соң Дархан Сатыбалды барды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу