Алматыда балалар үйі өртенген соң Дархан Сатыбалды барды
9 қарашада Алматыдағы "Перзент" балалар үйінде өрт шықты, - деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Алматы әкімдігі мәліметінше, өрт шыққан сәтте балалар үйінде 35 тәрбиеленуші және қызметкерлер болған. Барлығы дер кезінде эвакуацияланған.
"Зардап шеккендер жоқ. Балалар сауықтыру шипажайына уақытша орналастырылды. Көмек көрсетіліп жатыр. Балаларға тамақ беріліп, сырт киім, азық-түлік және жеке гигиена құралдарымен қамтылды. Жағдай толық бақылауда", - деді Алматы әкімдігі өкілдері.
Еске салайық, 9 қарашада Наурызбай ауданы Алтын Орда көшесі, 6а мекенжайында орналасқан "Перзент" жекеменшік балалар үйі аумағында өрт шықты.
Кейінірек Алматы әкімі Дархан Сатыбалды оқиға орнына барды.


