Тоқаев Вашингтонға барды
Қазақстан Президенті Вашингтонға сапармен барды, - деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевты АҚШ Мемлекеттік хатшысының бірінші орынбасары Кристофер Ландау күтіп алды. Ертең Мемлекет басшысы президент Дональд Трамппен келіссөз жүргізіп, "Орталық Азия – АҚШ" саммитіне қатысады.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевты АҚШ-та оқитын қазақ студенттері қарсы алды.Мемлекет басшысы отандастарымызбен аз-кем әңгімелесіп, оларға табыс тіледі.


