«Аллаға кінәсіз періште балалар емес, Құран кітап маңызды ма?»: Әмина қажы сынға қалды

Oinet.kz 11-11-2025 123

Журналист Арман Әубәкір өзінің Facebook-тегі парақшасында Балалар үйіндегі өрт кезінде құран кітаптың өртенбей қалғанын айтқан Әмина қажының сөзіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі. 

Screenshot_3.jpg

«Балалар үйі өртенсе де, құран аман қалыпты. Әділдік қайда? Аллаға кінәсіз періште балалардан да өз сөзі жазылған кітап маңызды ма? Жоқ, бұл жерде Алланың әділетсіздігі емес, дінге деген насихат айласы орын алып тұр. Үгіт-насихатты да логикамен ойланып айтқан дұрыс болар. Қасірет-қайғыны пайдаланып, адамдардың қорқынышын құрал ететін секталардың дәурені әлі де біткен жоқ екен», — деп жазды ол.

Айта кетейік, кеше Әмина қажы оқиға орнынан құтқарушыларға алғыс айтып, құран кітабының өртенбей қалғанын айтқан болатын.

«Бүгін осындай сынаққа қалдық. Құтқарушылар сағат төрттен беріп жұмыс істеп жатыр. Алла разы болсын, бала-шағаларының қызығын көрсін. Апасының басына күн түсіп еді барлығы бір үйдің баласындай көмектесіп жүр. Ең кереметі құран кітабымның өртенбей қалғанын қараңдаршы, түк болмағандай. Менің қаруым күйіп кетіпті, бірақ құранға ештеңе болмапты. Алла ұлық! Ұлылықтың белгісі», — дейді Әмина қажы.

«Бір жапырақ қағаз да бұйырмады»: Қарақат Әбілдина атақ алуға қатысты ойын айтты
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу