Қазақстан әншілеріне фонограммамен ән айтуға тыйым салынды

Oinet.kz 04-12-2025 79

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Мәдениет туралы» заңға түзетулер енгізіп, құжатқа қол қойды. Заңда, соның ішінде, концерттік іс-шараларда фонограмманы қолдануға шектеу қоюды қарастыратын тармақтар да қамтылған, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі. 

Screenshot_4.jpg

"Мәдениет, білім, отбасы және мемлекеттік бақылау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңдағы түзетулерде жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қорғаудың құқықтық механизмдерін күшейтті. Айтылғандай, баланы асырап алу немесе кәмелетке толмағандарға қамқорлық тағайындау құқығы бірінші кезекте баланың туыстарына беріледі. Олардың болмауы жағдайында тіркелген некеде тұрған адамдарға беріледі. 

Екінші блокқа енгізілген өзгерістер санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға мемлекеттік бақылауды күшейтуді көздейді. Сондай-ақ мемлекет қаржысы бөлінетін ұйымдар – тамақтандыру, тұрғын үй, медицина, білім беру, тәрбие және балаларды сауықтыру қызметтерін көрсететін мекемелер де жаңа қадағалау тәртібіне енгізілді. Осыған байланысты бұрын Кәсіпкерлік кодексінде болған нормалар «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодекс пен «Баланың құқықтары туралы» заңға ауыстырылды.

Үшінші блок түзетулері техникалық және кәсіптік, сондай-ақ ортадан кейінгі білім беру ұйымдарына олардың қызмет сапасына қарай рейтингтеу жүйесін енгізеді. Дәл осындай бағалау әдістемесі енді жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мекемелеріне де министрлік бекіткен ережелер негізінде қолданылмақ.

Төртінші блок концерттерде фонограмманы пайдалануға шектеу қояды (телехабарлар мен арнайы жабдықталмаған орындарды қоспағанда). Сонымен бірге қоғамдық орындарда, БАҚ-та немесе онлайн платформаларда авторлық туындыларды қолданғанда автордың атын міндетті түрде көрсету талабы бекітілді.

Жергілікті атқарушы органдарға кітапхана қорын сақтау және дамыту бойынша шаралар қабылдау міндеті жүктелді.

Заңға бірқатар нормативтік актілерге – Жер, Бюджет, Кәсіпкерлік кодекстеріне, сондай-ақ «Неке және отбасы туралы», «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы», «Баланың құқықтары туралы», «Мәдениет туралы», «Білім туралы» және «Педагог мәртебесі туралы» заңдарға өзгерістер енгізілді.

«Аллаға кінәсіз періште балалар емес, Құран кітап маңызды ма?»: Әмина қажы сынға қалды
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу