Ганс Христиан Андерсон туралы деректер

Oinet.kz 23-09-2019 1244

Сказочник Ганс Христиан Андерсен

Ертегіші Ганс Христиан Андерсон

Әлемде Ганс Христиан Андерсонды жаза білетін, оқи білетін адамның барлығы дерлік танитыны рас. 

Дат жазушысы Ханс Криститан Андерсеннің даңқты шығарған - "Ертегілер" атты жинағы.

Халық даналығы тұнық күйінде сақталған Андерсеннің шығармаларын тек балалар ғана емес, ересектер де қызыға оқиды.

Ганс Кристиан Андерсен Данияда 1805 жылы 2 сәуірде етікшінің отбасында дүниеге келген. Бала кезінде денсаулығы нашар болғандықтан, оған "эпилепсия" диагнозы қойылған. Дегенмен бұл диагноз қате болатын. Әкесі қайтыс болғаннан кейін, он төрт жасында Копенгагенге кетіп, сахнаға түсуге тырысады, бірақ үш жыл бойы қажырлы жұмыс баланың дауысын нашарлата бастағанда, оны труппадан шығарып тастаған. Содан кейін Андерсен пьеса жазуға ұйғарып көреді, бірақ жергілікті баспалар оның барлық шығармаларынан бас тартты. 

1822 жылы Андерсон Дат корольдік театрының директорларының бірі Йонас Коллин Андерсен оқу стипендиясына қол жеткізді және Ганс Христиан грамматикалық мектебіне түсті, содан кейін біраз уақыт репетитормен айналысты. Нәтижесінде Копенгаген университетін тәмамдап шықты. 

1829 жылда Андерсонның әдеби бірінші тәжірибе шығармасы "Өледі бала"  өлеңі жарияланды, ал корольдік театр ақырында оның шығармасының музыкалық драмасын қойды. 

Ал 1835 жылы "Импровизатор" романы шығып, артынан оның көптеген еуропалық тілдерге аударылған "Балаларға арналған ертегілер" топтамасы жарық көреді.

Андерсон көп саяхаттап, бүкіл Еуропаны аралаған, Кіші Азия мен Африкада болған. Ол өзінің әрбір саяхаты туралы, әдетте, кітап жазып жүреді, бұл жол жазбалары - оның шығармашылық мұрасының ажырамас бөлігі есептеледі.

Жазушының жеке өміріне келсек, ол бір құпия әлем дерсіз. Себебі Анджерсон өз өмірінен ешқашан сыр шертпеген. Кейбір деректерде жазушы гомосексуал деп көрсетіледі, дегенмен бұл дерек анық емес. Ганстың өмірінде ешкіммен өзін некемен байланыстырмады. 

1872 жылдың көктемінде Андерсон еденге қолап түседі, соның нәтижесінде ол көптеген жарақаттари алады. Кейіннен ол бауыр обырына шалдығады. 1875 жылы 4 тамызда жазушы ауруының салдарынан дүниеден озады.

Электр шәйнегінен келетін қауіп
Диана ханшайым туралы деректер
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу