«Маска» шоуының жеңімпазы анықталды (фото, видео)

Oinet.kz 07-06-2021

Қазақстандық "Маска" шоуының жеңімпазы арқар кейпінде өнер көрсеткен әнші Ерден Жақсыбеков болды. Екінші орынды Айри (аққу) еншілесе, әзілкеш Нұрболхан Шарапов (арыстан) үшінші орынды иеленді.

Screenshot_1.jpg

Аталмыш шоу үш ай бойы жалғасты. Бұл уақыт аралығында жоба қатысушылары мен көрермендер сан алуан эмоцияға ие болы, жаңа таланттарды ашты. 

Шоу жеңімпазы Ерден Жақсыбеков байқау бойы өзіне қолдау көрсеткен жанкүйерлеріне алғысын жеткізді. Өнер иесі аталмыш жобадағы жеңісіне қатысты пікірін де білдіре кетті. Ол өзі қатысқан байқаулардың ешқайсысын сатып алмағанын алға тартты.

Ерден Жақсыбек "Маска" шоуындағы жеңісінен кейін Instagram парақшасында жазба жариялап, барша қазақстандықтарға алғыс айтқан.

"Барша тілектеріңізді оқып шықтым! Мені қолдаған жандарға, қолдамағандарға да шын жүрегіммен алғысымды айтамын, Алла разы болсын! Бала күнімнен жеңіп келе жатқан байқаулардың ешқайсысын сатып алған емеспін, Маска шоуы осыған тағы да бір дәлел болды. Бұл Әлемдік шоу, бұл жобаға қатысқан әр бір қатысушы жеңімпаз деп білемін! Мен үшін финалға жетпек түгілі бұл жобаның бір бөлшегі болудың өзі үлкен жеңіс! Еңбек бәрін жеңбек. Бәрі де Алланың бұйырғаны. Амандық болсын, баршаңызға тек сәттілік тілеймін, бәріңізді жақсы көремін", - деп жазды Ерден. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от The Masked Singer Kazakhstan (@maskakazakhstan)

«100 доллар»: Қайрат Нұртас жол бойынан құрт, айран сатып алды (видео)
«Қайрат ажырасты ма?» Анасы Гүлзира Айдарбекова шындықты айтты


Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×