Әнші Балжан Бидаш ота жасатты
Әнші Балжан Бидаш ота жасатты. Алайда әнші қандай ота жасатқанын көпшілікке мәлім еткен жоқ.
Бұл туралы әншінің жолдасы Жахан Отарғалиев мәлім етті.
“Каскасонымнан отадан кейін мыналарды сұрасам, біреуі есінде емес екен. Мен барымды салып жүрсем”, – деп жазды Жахан Отарғалиев.
“Шок болып отырмын, біреуі де есімде жоқ”, – деп жазды Балжан.
Желідегі оқырманы Балжанның қандай отаға түскенін сұрап әлек. Бірі денсаулығына байланысты деп болжаса, енді бірі пластикалық отаға жүгінді деп топшылады.
Ал жұлдызды жұп бұл туралы кейінірек айтуға уәде берген.
“Алла шипасын бергей”, “Еркелеткен түрін-ай”, “Осындай кезде жанында болғаныңыз қандай күшті. Мен операциядан соң ояндым, бір тәулік жатқанмын тұра алмай. Жақын адамыңның жаныңда болғаны қандай күшті”, “Жарайсың, Жахан. Басқаларға үлгі болсын. Әйел ер адамның қабырғасынан жаралған деп бекер айтылмаған. Қазақтың жігіттері кейбірі түкке тұрғысыз көкірекпен әйелдерін сыйламай жатады, еркелету былай тұрсын. Жарайсың, “Алла шипасын берсін! Қызылордалықтар дұғадамыз”, “Алла Тағала сыйластықтарыңызды арттырып қойсын”, – деп жазды желідегі оқырмандар.