Көзімнен жас шыққанша ызаландырады: Жәния Журинская ер мен әйел дәрежесі туралы сөз қозғады
Жәния Джуринская ер мен әйелдің қоғамдағы теңсіздігі туралы сөз қозғады. Ай-күні жақындап, тұңғышын күтіп жүрген ол қыздан гөрі, ер баланың дүниеге келгеніне қуанатын ата-аналарға шамданды, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі.
Жәния Instagram парақшасында зорлық-зомбылыққа ұшырап, соған көндігіп жүре беретін әйелдер мәселесін көтерді. Ол той үстінде қалыңдығын ұрып жіберген ер адамның видеосын жариялап, ондай адамдарды "жек көретінін, бар жамандықты тілейтінін" атап өтті. Сондай-ақ, отбасында қыз бен ұлды бөлетін ата-аналарға шамданды.
"Шынымды айтсам, бұл нәрсе көзімнен жас аққанша ызаландырады. Көптеген елдерде, оның ішінде Қазақстан да қызға қарағанда, ер баланың дүниеге келгеніне қаттырақ қуанады. Кешірім сұраймын, бірақ қызға Ұлболсын, Ұлдана, Ұлпан деп есім беретін ата-аналарға таңғаламын.
Қызыңды солай атасаң, келесі перзентің ұл болады деген сенім бар. Ал қыздың өзін керексіз сезініп өсетіні оларды алаңдатпайды", - деді Джуринская.