Қайрат Нұртас пен Жұлдыздың тұңғыштары мектеп бітіріп, аттестат алды
Отандық әнші Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Абдукаримованың тұңғыш қыздары Сезім музыкалық мектептің түлегі атанды деп хабарлайды Oinet.kz.
Бұл туралы анасы Жұлдыз Абдукаримова өзінің инстаграм парақшасында жазды.
"Бұрын мен бұл күнді көп елестететінмін…Ойлаған сайын, осы сәтке асығатынмын. Қызық сезім. Міне, тұңғышымыз музыкалық мектептің түлегі атанды. 9-10 жылға жуық білім алып, ұстаздарының үмітін ақтады. Ең бастысы - жанының қалауын орындады.
Музыкалық мектепті бітіргеніне жылап жүрмін, ертең мектеп бітірсе, не боларын қандай күй кешерімді білмеймін. Ата-ананың қадірін, күйін балаң болғанда білесің деген рас екен-ау",- дейді Сезімнің анасы.