«Уақыты келгенде беремін»: Олжас Абай бұрынғы әйелінің сұхбатына жауап берді
Танымал әнші әрі актер Олжас Абай әлеуметтік желідегі парақшасында бұрынғы әйелінің сұхбатына жауап берді, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Stan.kz-ке сілтеме жасап.

Олжас Абайдың сөзінше, ол ұлдарына уақытылы алимент төлейді, сондай-ақ оларға сыйға тартылатын пәтер де дайын тұр.
“7 жыл бұрын екі жаққа кеткенбіз. Ұлдарым үшін әлі де біраз нәрсе жасаймын. Алименттерін уақыты төлеймін. Ұлдардың екі бөлмелі сыйға берілетін (дарственный) пәтері де дайын тұр. Уақыты келгенде беремін. Ажырасқан әйелдің өзін мен неге бағуым керек? Жолын тауып, еңбек қылып бақытты болсын”, – деп жазды ол.
Айта кетейік, өнер иесінің экс-жары Аймира Аман “Менің өмірім” бағдарламаға берген сұхбатында Олжас Абайдың балаларымен жиі араласпайтынын, сондай-ақ өзі анасы және екі ұлымен пәтер жалдап тұратынын айтқан болатын.


