Арыстағы мектепте 16 жұп егіз бен сыңар балалар оқиды

Oinet.kz 16-11-2025 51

Түркістан облысында егіздер мен тіпті үшемдері бар отбасылар көп. Арыс қаласындағы №32 жалпы білім беретін мектепте 16 жұп егіздер оқиды. Жергілікті тұрғындар білім ордасын “егіздер мектебі” деп атап кеткен. Бұл туралы Oinet.kz ақпарат агенттігі Аlmaty.tv арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Screenshot_9.jpg

Сондай егіздердің бірі – Оңдасын мен Нұрсипат Асылбековтер. Егіз 11-сыныта оқиды. 

“Мен бокспен айналысамын. Жиындар мен жарыстарға жиі барамын. Қарындасым жақсы оқиды. Ол маған үй жұмысын орындауға көмектеседі”, – дейді Оңдасын Асылбеков.

Мектепте бір әулеттің екі буын егіздері білім алады. Мысалы, Ақнұр мен Бибинұр – бастауыш сынып оқушылары, ал олардың ағасы мен әпкесі, Сара мен Салман, 8-сынып оқиды. Олардың түр-әлпеті ұқсас болғанымен, мінездері мүлде бөлек.

“Мен оқығанды жақсы көремін, ал Салман спортқа жақын. Мен ауырсам, ол да өзін жайсыз сезінеді, керісінше, ол сырқаттанса, мен де мазасызданамын”, – дейді №32 жалпы білім беретін мектептің оқушылары Сара мен Салман.

Мұғалімдердің айтуынша, егіз және сыңар балалар көбіне бір-біріне жанашыр келеді, командалық рухы жақсы және олардың өзара қолдауы ерекше байқалады. Балалардың оқу көрсеткіштері орташа деңгейден жоғары, ал сыныптағы атмосфера тіпті өзгеше.

“Оларда бауырмалдық сезімі ерекше. Әрдайым бір-біріне ұмтылады, көмектеседі, мейірімді және жанашыр. Жүректері кең, әрдайым қолұшын беруге дайын балалар”, – деді №32 жалпы білім беретін мектептің директоры Рахима Жүнүсова.

Кейінгі жылдары Түркістан облысында егіздер мен үшемдер дүниеге келетін отбасылар саны жиілеп келеді. Тек бір Арыс қаласының өзінде бүгінде 150 кәмелетке толмаған егіз бен сыңар бар.

Блогер Mellstroy-ға Қазақстанда іздеу жарияланды: ҚМА мән-жайын жария етті
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу