«Ұлыңды шайтан түрткен» деді
10-11-2024
Оңтүстік Корея: табан ұру
Кәрістер той болар күні күйеу жігіттің табанын ұруды әдетке айналдырған. Күйеу жігіттің достары жігітті алма-кезек ауысып табанынан ұрады екен. Бұл салт Кореяда күйеу жігітті тұрмыстық өмірге дайындау үшін жасалады деп түсіндіріледі.
Табан мен тұрмыстың байланысы бар болар деген сенімдеміз.
Конго: күлмейміз
Конго елінде үйленіп жатқан жастар мүлде күлуіне болмайды. Бұл салтқа қайшы. Себебі үйлену той өте маңызды мереке, күлу - мерекені мазақ ету болып саналады.
Франция Полинезия: кілемдей төселген адамдар
Полинезия салт дәстүрі күйеу жігіттің достарын аямапты. Қалыңдық ұзын етекті көйлегін көтеріп той салтанаты үстінде кілемдей төселген күйеу жолдастарды аяғымен басып өтеді. Саттың аты салт.
Швеция: алдымен сүй
Швецияда қалыңдық пен күйеу жігіт екі бөлек бөлмеде әзірленіп шыққан сәтінде жігітті қалыңдықтың құрбылары, ал қалыңдықты күйеу жігіттің жолдастары бетінен шөлпілдетіп сүйеді екен. Бұл ырым басы бос қыз-жігіттерге де осындай салтанатты той жұғысты болсын деген ниетпен жасалады екен.
Испания: галстук бөлігі – сәттілік кепілі
Испанияда той ортасында кенеттен келіп күйеу жігіттің галстугын қиятын дәстүр бар. Галтук қиындыларын күйеу жігіт достары арнайы аукционда той қонақтарына сатады. Кімде-кім галстук бөлігін ала алса, ол сәттілікке ие болады деген сөз.
Кавказ: тоқтаусыз жас
Кавказдарда қалыңдық той күні жылайды. Иә, жылағысы келсе де, келмесе де қалыңдық жылауға міндетті. Бұл – салт. Той үстінде де қалыңдық би, әнге көңілін көтермеуі қажет. Ол салтанатты тойхананың безендірілген бір бұрышында өз тойын алыстан бақылауға міндетті.
Кения: тақырбас қалыңдық
Кения елінде той алдында қалыңдықтың шашын алып тастайды. Қалыңдықтың тақыр басына әкесі шошқаның майын жағып қояды екен. Осылайша қалыңдық бақытты болады деп сенеді.