Минакша Тхапар өлімі
Минакша Тхапар Болливуд жұлдызы, алайда атақтылықты актрисаға жұлдызды карьерасы емес, оның аянышты өлімі алып келді.
2012 жылы Минакша Тхапарды өзінің әріптестері актер Амит Жаисвал мен оның дос қызы Прити Сурин алып қашады. Қылмыскерлер Минакшаны тұтқында ұстап, оның туыстарынан ірі көлемдегі ақша талап етеді. Тұтқындағы қызына сұратқан 1,5 миллион рупийді тауып бере алмаған туыстары, тек 60 мың рупий ғана беріп, олардан қызын қайтаруды сұрайды. Қалған ақшаны ұзақ күте алмаған қылмыскерлер актрисаны аяусыз өлтіріп тастайды. Және бұл жәй ғана өлім емес, актрисаның басын шауып тастаған болып шығады.
Актриса бұл кезде небәрі 26 жаста болған.