Путин шын мәнінде кім? Путинге 70 жыл
07-10-2022
Уолт Дисней - американдық режиссер-мультипликатор.
Уолт Дисней 1901 жылы 5 желтоқсанда Чикагода дүниеге келеді. Оның негізі ата-анасы түбірі ирландтықтар.
Уолт отбасындағы ең кіші бала, ол өте зерек болған, бар болғаны 8 жасында алғашқы монетасын қолына алады.
Жас кезінде ол үлкен ағасы Роймен бірге газет тарату үшін таңғы 4-те оянып, үйінен шығып кететін болған, ал сенбі күндері өнер институтының курстарына барып жүрген.
Бірінші дүниежүзілік соғыстың басталуымен Дисней Францияға кетіп, он бір ай бойы Қызыл Крест санитарлық машинасында жүргізуші болып жұмыс істейді.
Туған жеріне оралғаннан кейін Уолт Канзас-Ситиге қоныстанады. Ол аз уақытта табысты жарнама фирмасының иесі болады, бірақ 1920 жылдың ақпан айында кенеттен көптеген кинореклама компаниясына қарапайым суретші болып жұмыс істеуге барады. Киноаппартты жалға алған соң, ол өзінің алғашқы "Смехограмма" мультфильмін кәдімгі гаражда түні бойы ұйықтамай түсіре бастайды.
Диснейге жарнамалық роликтерге тапсырыс бере бастады, ол бірте-бірте жұмысы алға ілгерілегенін байқайды. Көп ұзамай ол "Смехограмма Корпорейшн" фирмасын құрады. Алайда алғашқы қаржылық қиындықтарда кәсіпорын банкротқа ұшырайды.
Уолт ерекше фильм шығару жағдайын түзетуден үміттеніп жүреді. Ол тірі кейіпкерді мультипликациялық әлемге енгізуді шешеді. "Алиса ғажайыптар елі" атты мультфильмнің бас кейіпкері алты жасар қыз болады.
Алайда, Дисней қанша тырысса да бәрі бекер болды.
1923 жылдың жазында Дисней Голливудқа келеді. Және режиссердің мұнда жолы бола бастайды. Нью-Йорктің бір кәсіпкері Алиса туралы мультфильм үшін бір жарым мың доллар ұсынады.
Барлық қойылым және режиссерлік жұмысты Дисней өзі ғана атқарғандықтан әрбір сериясына шамамен бір айдай уақыт кетті. Сонда Уолт жұмысқа бірнеше бастаушы суретшілер алды. Ал ағасы Рой Дисней кәсіпорынның қаржы және шаруашылық басшысы болды.
Алисаның арқасында ағайындардың жұмыстары өне бастайды. Көп ұзамай олар шағын үйдің иелері болады. Арада уақыт өткеннен кейін студияларына хатшы алады. Лиллиан Боундс 1925 жылы Уолтқа тұрмысқа шығады.
Дисней Гиперион-авенюге учаске сатып алып, он бес жыл бойы оның студиясы болатын ғимараттың құрылысын бастады. 1926 жылдан бастап Уолт фильмді жасау процесіне кірісіп кетеді.
Міне осы ғимараттан кермет, әлемге танылған туындылар Микки, Дональд, Плуто бәрі де Уолттың өнертабысы болып есептелінеді. 1933 жылы режиссер 3 шошқа жайлы қысқа метражды фильм түсіреді. Бұл фильм де көрерменнің көзайымына айналады.
Дисней осы сәттен бастап әлем рейтингіндегі алғашқы орындарға шыға бастайды. Және Дисней студиясы көптеген тапсырыстар ала бастайды. Бір сөзбен айтқанда ең танымал режиссерлік орталық болады.
Дисней атақ-даңққа мүлде қызықпайды, элиталар шақыртқан жиындардың біріне де бармай, одан таңертең тұрып фильм түсіруге кіріскенді жөн көріпті. Өз студиясы мен отбасын Уолт 1 орынға қояды. 1933 жылы Уолттың Диана есімді қызы дүниеге келеді, ал 1936 жылы екінші қызы Шарон өмірге келеді.
1938 жылы «Қаршақыз және 7 гном» мультфильмі Оскар сыйлығын иемденеді.
1955 жылы Анахеймде Уолт Дисней өзінің атаулы Диснейленд паркін ашады.
Ал 1966 жылы 15 желтоқсанда Уолт Дисней өкпе ауруына шалдығып,операция жасалғаннан кейін өмірден өтеді. Ал өкпе ауруына шалдығуының басты себебі өмір бойы шылым шеккенімен байланыстырылады.