Тарихта қалған вундеркинд балалар
1.Акрит Йасуал (Akrit Jaswal)- әлемдегі ең жас дәрігер атанған үнді баласы. Бес жасында ол анатомияны толық меңгеріп, жеті жасында өзінің алғашқы хирургиялық операциясын жасаған.Кішкентай балдырғанның қабілетін байқаған жергілікті дәрігерлер, оның жан сақтау бөлмесіне өздерімен бірге кіруге рұқсат етеді. Операция барысында өз ерекшелігін профессорларға дәлелдеп шығады. Жеті жасында, бір қарапайым отбасы, қызының еміне қаражат таппай, Акриттен көмек сұрауға мәжбүр болады. Операция сәтті өтіп, қызды емдеп шығады. Қазіргі таңда, Акрит Йасуал - медицина университетінің ең жас студенті.
2. Пабло Пикассо (Pablo Picasso)- сөйлеуден бұрын сурет салуды бастаған екен. Ол ең алғаш әкесінен ымдап қылқалам сұрап, сурет салуға машықтанған. 12 жасында кез келген бейнені шынайы түрде салып бере алған. Өнер мектебіне қабылдау сынағын бір-ақ күнде тапсырған, ал өзгелер болса, бұл үшін айлап жүретін көрінеді. 16 жасында алғашқы көрмесі өтсе, 20жасында әлемдік көрмесін дүйім жұртқа ұсынады.
3.Говард Филлипс Лавкрафт (Howard Phillips Lovecraft)- мистикалық әдебиеттегі танымал тұлға. Екі жасында оқып, алты жасында салмақты әрі қиын өлеңдер жаза бастаған. Өте аурушаң бала жас кезінен баршаны қорқытатын образдар ойлап тауып, қорқынышты бейнелерді ол өзінің түсінен алып отырған. Бұл бір жағынан оның отбасы жағдайына да тікелей байланысты.
4.Вольфганг Амадей Моцарт (Wolfgang Theophilus Mozart)- Моцарт тек қана әлемдік композитор ғана емес, әлем тарихындағы ең танымал вундеркинд. Төрт жасында фортепианода ойнаған, ал бес жасында өзінің алғашқы музыкалық пьесаларын жаза бастаған. Сегіз жасында өзінің алғашқы симфониясын жазып бітірген.
5.Окита Содзи (Okita Soji) - Бұл жапониялық вундеркинд өзгелерден интеллектуалдық қабілеті жағынан асып тұрмаса да, оны ешкім жеңе алмаған. Тоғыз жасында соғыс қылыштарын жетік меңгерген. 12 жасында ең танымал шеберді жеңіп, 18 жасында ресми түрде соғыс өнерінің шебері ретінде мойындалған.
6. Ким Унг Йонг (Kim Ungyong)- Гиннес рекордтар кітабына сенсек, кореялық Ким Унг Йонг әліге дейін әлемдегі IQ — 210 пункті құрайтын жалғыз ақылды адам саналады. Үш жасында университеттің физика факультетінің студенті атанып, алты жасында жоғары деңгеймен бітіріп шығады. Жеті жасында АҚШ-тың НАСА ұйымына жұмысқа шақырылған. Он бес жасында докторлық атағы мен көптеген жетістіктері жетеді.
7. Грегори Смит (Gregory Smyth)- Грегори Смит екі жасында шығармаларды оқып, он жасында бакалавр бола білген ең жас саясаткер. Алғаш рет «Әлемдегі барлық жеткіншектер арасында балалармен түсіністікке қол жеткізу туралы» қозғалысын дүниеге әкеледі. Оның танымалдылығы сонша, төрт рет Нобель сыйлығына ұсынылған.
8.Уильям Джеймс Сайдис (William James Sidis)- әлемдегі ең ақылды адам, оның IQ деңгейі 250-300 пункт арасын құраған. Салыстырып көріңіз: егер сіздің интеллектіңіз 136 пунктке тең болса онда сіз ғалымсыз. Ал, қарапайым адамдыкы 85 тен 115 аралығында болады. 1898 жылы АҚШ-та дүниеге келеді. Алты айлығында оқуды біліп, сегіз жасында төрт кітап жазып, жеті шетел тілін меңгерген(латын, грек, орыс, иврит,француз, неміс, жетіншісі - өзі грек, латын және заманауи роман-герман тобын араластыра отырып шығарған). Он бір жасында Гарвардқа түсіп, жиырма жасқа жетпей профессор атанады.
9.Мэрилин Вос Савант - оның парасаттылық коэффициенті (IQ) 228 бірлікті құрапты. 10 жасында Гиннестің рекордтар кітабына енгізіледі. IQ – парасаттылық коэффициенті – адамның ойлау, алға қойған мақсатына жете білу, дұрыс шешім қабылдай білу қабілетін көрсететін бірлік. Ғалымдардың есептеуі бойынша, өткен ғасырдағы ғалымдардың парасаттылық коэффициенті: Гетеде - 200 бірлік, Ньютонда 190 бірлік, Галилейде 185 бірлік, Коперникте 130 бірлік.
10. Алексис Мартин - АҚШ-тың Аризона штатының кішкентай тұрғыны жер бетіндегі ең ақылды адам деп танылды. IQ тестісін тапсырғанда небәрі үш жастағы бұл қыз бала 162 балл жинаған, ал бұл көрсеткіш әйгілі ғұламалар Альберт Эйнштейннің, Стивен Хокинг пен Билл Гейтстің ұпайларынан артық (160 балл) деп газет-журналдар жарыса хабарлайды. Әдетте, ересек адамның ақыл-ойы деңгейінің орташа көрсеткіші 100 баллды көрсетеді. Шамамен жер бетіндегі адамдардың 2% вундеркинд деп саналады. Ал, зерттеушілер кішкентай ақылды қыздың инттеллектісінің коэффициентін дәл анықтай алмаған, себебі, ол тест тапсырмаларын тым жылдам шешкен. Сәбидің ерекше қабілетіне ата-анасы бұрыннан-ақ назар аударып жүрген екен. Бір жасында-ақ Алексис олардың айтқан ертегілерін өздеріне сөзбе-сөз қайталап айтып бере алатын болған. Бүлдіршін планшеттің көмегімен өздігінен испан тілін де үйреніп алған