Қан тобы арқылы адам мінез-құлқын анықтау

Oinet.kz 06-08-2019 4403

почему-у-людей-разные-группы-крови-1024x410.jpg

Танымал теорияларға сенсек адамның түрі арқылы, қолы, саусақ ізі арқылы оның мінезін анықтауға болады-мыс. Жақында Жапонияда жаңа гипотеза пайда болды: адамның қан тобы арқылы мінезін аңғаруға болады.

Қан тобын екі жүйеге байланысты бөледі: АВО жүйесі; Rh жүйесі. АВО жүйесі негізінде қан тобы төрт бөліктен тұрады – А, В, О, АВ. Олардың негізгі айырмашылықтары эритроциттердің жоғарғы бөлігінде орналасқан түрлі антигендердің болуында, қан құрамындағы мөлшерінде. Организмде антигендерді жойғыш антителдер жасалынады. Егер А қан тобындағы адамға В тобындағы адамның қанын құйса адам организмі жаңа қанды қабылдамай онымен күресетін болады.

Сонымен осы қанның төрт тобының иелеріне қандай артықшылықтар тән екен.

I топ - O+ және O -. Бұл басқа топтардың тудырушысы. Бұл қан тобындағыларды аңшылар деп атауға болады. Тас ғасырының адамдары өзінің алғашқы түйсігіне сүйенген және де батыл болған-ды. Оны ертеңі алаңдатпаған. I топтың тасымалдаушылары жігерлілігімен және мақсаттылығымен ерекшеленеді. Күшті сипаты бар және соңына дейін баруға бейім. Оларға бірқалыпты жұмыс және отбасылық мәселелер ішпыстырарлық. Олар импульсивті және эмоцияналды келеді. Орынсыз қызғаншақ, бірақ нәзір әрі сезімтал тұстары да басым.

II топ - A+ және A -. «Шаруашылық иелері» тобы, басқаша – «үй иелері» тобы. Екінші қан тобының бірқалыптылығымен ерекшеленеді.  Олар тыныш, қалыпты өмір салтын ұстанады, саяхат пен шулы орталардан бойын аулақ ұстайды. Конфликтілерді тез шешеді және кез келгенімен ортақ тіл табады. Еңбекқор, талапшыл, өзіне де өзгеге де. Табиғаты педантқа келеді, барлық жағдайда жинақылық пен жауапкершілікті алға қояды. Стрессті кезеңдерден қиын өтеді. Ақша үнемдей біледі, кейде ақшаға қатты болатын кездері де болады. Бұл топтағы адамдармен тіл табысу оңпай болғанымен, бір нәрседе райынан қайтару қиын.

III топ - В+ және В -. "Елшілер" немесе "көшпенділер" тобы. Үшінші қан тобындағы адамдар үнемі өзгерісті қалап отырады, өзгеріске ұмтылады. Олар стереотип, бір іске байлану дегенді түсінбейді, спартандық жағдайларға да тез бейімделе біледі. Шешімін тез өзгерткіш, әсіресе басқалардың ойы өз ойына тез түрткі бола алады. Құбылмалы көңіл-күйлі адамдар қатарынан, өздерінің ойларын ашық жеткізеді. Жағдайды өзгерткісі келіп тұрады. Олардың өмірлік девиздері «Біз жоқ жерде, әлем жақсырақ». Романтикалық сезімдерге, қиялға берілгіш келеді.

IV топ - AB+ және AB -. Төртінші қан тобында5ы адамдарды «философтар» деп атайды. Олар алдыңғы топтағылардың кейбір тұстарын қамтыған. Бұл топтағы адамдар интеллегентті , ақ пейілді, ашық жайдары, әзілқой келеді. Шешім қабылдауды көбінде өз мойнына алады, алайда оларға дәйексіздік пен шектен шыққан эмоцианалдылық кедергі болады екен. «Философтар» шешім қабылдауға ұзақ уақытын жұмсайды және фактілерге қарағанда түйсікке көбірек сенеді.

Көптеген ел мәдениетінде қан өмір символы есептелінеді. Оны өмірмен, өліммен байланыстырып жатады. Қанның мөлшері мен жағдайынан адамның өмірі мен көңіл-күйі тығыз байланыста. Көптеген зерттеулерге қарамастан осы қызыл сұйықтыққа байланысты көп сұрақтар шешімін таба алмады. Оны әлі күнге дейін медицинада өте мұқияттылықпен қолданады.

Тарихта қалған вундеркинд балалар
Атыс қаруларының көшірмелері
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу