Альтруизм. Альтруистер кімдер?
Альтруизм – басқалар үшін өзінің пайдасынан безуге дейін баратын қамқорлық. Латын тілінен алынғанда alter басқа, өзге деген мағына береді. Яғни басқарларға қамқорлық таныту, еш қайтарымсыз. Альтруизм сөзіне қарама-қайшы сөз – эгоизм. Бұл бір сөзбени айтқанда Періште мен Тереза ананың ұстанған позициялары.
Альтруист – адамгершілік қағидаттарын ұстанған, басқалар үшін үнемі қам жеп тұратын, өзгелердің игілігін өзініңкінен артық көретін адамдар, егер солай атауға келсе.
Қарапайым адамдар, керісінше, әр игі ісінің қарымтасын күтеді. Тіпті кейде аналардың өзі балаларын асырап, өсіріп, өндіріп жүргендерінде іштей «өскенде мені асырайды» деген ниетін байқамайды да.
Ал альтруист бойын мұндай саптағы әдеттерден ауылын алыс ұстайды. Альтруист тек қол ұшын созады. Әңгіменің төркіні осында.
Альтруист – мейірімді, нәзікжанды, мейлі ұл болсын, мейлі қыз. Ол кейде басқаларға көмек берудің соңында жегіліп жүргені соншалық өзін ұмытып та кетеді.
Альтруистке жанына біреуді асқа шақырмай тамақтану қиын. Біреуге көмектескенде, өз нанын бөліп бергенде шынайы тоқтық сезімін сезінеді.
Альтруизм әртүрлі келеді. Қарсысындағы адамға бірнәрсе қажет болса, соны беруге асық болады. Көптеген альтруисттердің теріс жағы да осы, олар кейде өзі туралы мүлде ұмытады.
Өзіне қамқорлық жасаудың қажеті жоқ деп санайтын адам өзін бағаламайды және құрметтемейді. Сонымен қатар, бұл көрегендік емес. Егер адам айналасындағыларға шынымен қамқорлық жасаса, ол қандай ресурстар есебінен көмек жасап жүргенін бір сәт ойлаушы еді.