Тұрсынбек Қабатов өзінің жұбайын суициден құтқарып қалған

Oinet.kz 03-11-2025 255

Танымал продюсер әрі әнші Мөлдір Мұқанова Тұрсынбек Қабатовпен ресми түрде ажырасқанын растады. Бұл туралы ол Жанар Байсемізге берген сұхбатында айтты.

Screenshot_1.jpg

"Иә, біз ресми түрде ажырастық. Бұл шешімді қабылдау оңай болған жоқ, бірақ өмір жалғасады", – деді ол.

Өнр иесі өміріндегі ең қиын кезең туралы да жасырмады. Ол кезде бұрынғы күйеуі іс-сапарға кеткенін айтқан. 

"Түнде бәріміз дастарқан жайып, шығарып салдық. Жұмыспен бара жатырмын деді. Дубайдан келген соң сол жақтағы видеоларын көрсетті. Видеоны көріп отырғанда қасында біреу тұрғанын байқап қалдым. Сол сәтте өзімді ұстай алмай, терезеге қарай жүгірдім. 24-қабаттан секіргім келді. Тұрсынбектің өзі тоқтатты, ұстап қалды. Ол да бір таңғы уақыт еді, өте ауыр кезең болды. Шетелге де екеуі барып келген екен. Ол кезде мен Дубайды көрмеген едім", – деді ол. Осылайша Тұрсынбек Қабатов жұбайын суицид жасаудан құтқарып қалған. 

Астанада мас күйде көлік жүргізген судья ұсталды
Педофил педагог, маняк әкелер пайда болды - Мұхамеджан Тазабек
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу