Шәуілдірде газ жарылып тұрғын үй қирады

Oinet.kz 31-10-2025 68

Түркістан облысының Отырар ауданында үш қабатты көппәтерлі тұрғын үйде газ жарылысы болды. Төтенше жағдай 30 қазан күні Шәуілдір ауылында кешке болған. 

Screenshot_4.jpg

Алдын ала мәлімет бойынша, жарылықа адамдардың газ жүйесіне өз бетінше қосылуы себеп болған.

“Бір адам зардап шегіп, бірнеше пәтер бүлінді. Газ беру уақытша тоқтатылды, желілерге тексеру жүргізіліп жатыр”, — делінген хабарламада.

“QazaqGaz Aimaq” АҚ газға өз бетінше қосылуға қатаң тыйым салынатынын және оның адам өмірі мен қауіпсіздігіне зор қауіп төндіретінін ескертеді. Газ жабдықтарын қосу және техникалық қызмет көрсету тек лицензиясы бар мамандар тарапынан жүзеге асырылуы тиіс.

Шымкентте жүргізушілер автогаз тапшылығына шағымданып жатыр
12 жастағы қызды зорлады деген күдікке ілінді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу