Шардарада мектеп оқушысы дене шынықтыру сабағынан кейін көз жұмды

Oinet.kz 31-10-2025 67

Желіде шардаралық мектеп оқушысы дене шынықтыру сабағынан кейін көз жұмды деген ақпарат тарады. Түркістан облыстық Полиция департаменті қайғылы оқиғаға қатысты түсінік берді.

Screenshot_8.jpg

Telegram желісіндегі Jagdai арнасының хабарлауынша, сыртта өткен денешынықтыру сабағында 11 жастағы бала стадион қоршауына шығып, аяғы тайып кетіп, ағашқа құлаған.

"Алғашында жарақаттар жеңіл болып көрінгенімен, дәрігерлер баланың қуығы зақымданғанын анықтады. Операциядан кейін баланың жүрегі тоқтап қалды", - делінген жазбада.

Түркістан облыстық Полиция департаменті қайғылы оқиғаға қатысты түсінік берді. Ведомство өкілдерінің хабарлауынша, полиция Шардара ауданындағы мектеп оқушысының өліміне қатысты қылмыстық іс қозғаған.

"Қазіргі уақытта полиция сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп, барлық мән-жайды анықтауға бағытталған қажетті шараларды қолданып жатыр.

Тергеп-тексеру қорытындысы бойынша заңдық баға беріліп, қолданыстағы заңнамаға сәйкес процессуалдық шешім қабылданады", - деп мәлімдеді ведомствоның баспасөз қызметі өкілі.

12 жастағы қызды зорлады деген күдікке ілінді
Қазақстанда алғашқы көміртекті агроклиматтық полигон «Kaz Agro Carbon» құрылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу