Ұлтараздық тудырған Екатерина Биволға іздеу жарияланғаны туралы ресми ақпарат шықты
Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің интернет-порталында Екатерина Биволға қатысты ақпарат жарияланды.

Жарияланған ақпаратқа сәйкес, 1990 жылы туған Екатерина Игоревна Биволға қатысты іздестіру ісі 1 қарашада Астанада тіркелген.
Іздестіруді Қазақстанның Ішкі істер министрлігі жариялаған. Ал іздеуді Байқоңыр ауданының Полиция басқармасы жүргізеді.
Сондай-ақ, Екатерина Бивол ТМД азаматы екені көрсетілген.

Бұған дейін ҚР ІІМ Екатерина Биволға қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалып, іздеу жарияланғанын хабарлаған болатын.
Еске салайық, Екатерина Бивол әлеуметтік желілерде түрлі ұлт өкілдеріне тіл тигізіп видео жариялаған болатын. Өткен аптада Қырғызстанда оны қамауға алу туралы ордер берілген еді.


