Қарақат Әбілдина: «Не де болса жақсылыққа болсыншы»
Танымал әнші Қарақат Әбілдина елімізде вирустың өршіп, балаларға зиян әкеліп жатқанына алаңдаулы екенін Instagram парақшасында жазды.
- Жұманың таңы. Сағаттың тілі 6.30 ды көрсетіп тұр. Мен болсам көз ілмей таңды атырдым. Неге екенін ұйқым шайдай ашылып әр нәрсені бір ойлап, қазақтың “қамшысы ұрды ” дегені шығар. Қыдекеңнің Ұлытауымен @ulytau_official алыс сапарда СТАМБУЛДА жүргені бар, ертең мен де ұлыммен жолға шыққалы отырмын. Қысқасы бәріміз чемоданды көңіл-күйдеміз. Не де болса жақсылыққа болсыншы, жорытқанда жолымыз болып,Отанымызға аман -есен оралуды, Отбасыммен бірге болуды,барлық жағынан “гармонияда” түсінікте,үйлесімділікте өмір сүруді Алла нәсіп етсінші! Ең бастысы ұрпағымызбен сынамасыншы. Осы кезде елдегі жағдай алаңдатып тұр. Сұмдық вирус жүріп жатыр. Ауырып жатқандардың көбі балалар. Емханаларда бос орын жоқ екен. Қаладағысы да, ауылдағысы да кімге хабарласпасақ та жаппай ауырып қалған балаларының жағдайын айтып дабыл қағуда.
Біздің үйдегілер де пысылдап бастап еді бірден қолға алып жібердік. Айзөниіміздің алғашқы қысы ғой,оның үстіне әлі кішкентай. Үлкендердің біреуі вирус әкелсе болды, тез жұғады. Сонысы қиын да.
Ауырмай тұрып иммунитеттерін көтеретін минералдарға толы дәрумендерді үзбей беріп келеміз, соның нәтижесінде әйтеуір кез-келген жағдайдан жеңіл өтеді. Шүкір, шүкір. Бірақ осы жолғы вирус тым түсініксіз, қорқыныштылау ма дедім. Алла сақтасыншы дұғада болғаннан басқа қолымыздан көп не келеді?! - деп жазды әнші.