Әлем чемпионына 5 миллион теңге мен пәтер кілті табысталды

Oinet.kz 13-11-2021 1006

Бокстан әлем чемпионы Теміртас Жүсіповке Көкшетаудан пәтер кілті және ақшалай сертификат тапсырылды, деп хабарлайды Prosports.kz. 

image.png

Жүсіповке пәтер кілтінен бөлек 5 миллион теңгенің сертификаты берілді. Сондай-ақ Теміртастың жаттықтырушысы Қуанышбай Кокушев те құр қол қалмай, 2,5 миллион теңгенің сертификатына ие болды. 

Естеріңізге сала кетсек, Белградта (Сербия) өткен Әлем чемпионатында ақмолалық боксшы 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түсіп, финалда тайландтық Вуттичай Юрачайды тізе бүктірген еді. 

Қарақат Әбілдина: «Не де болса жақсылыққа болсыншы»
Танымал қазақстандық қаржыгер қайтыс болды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу