Обырды жеңген жеңімпаз

Oinet.kz 01-08-2019 995

09aea0498124d53f13d8e8e7ee02a0ad_XL.jpg

Сурет ашық дереккөзден алынды.

27 жасында баскетболшы Майкл Мойлз  алаңда  басқа ойыншымен соқтығысып, 30 минуттан кейін сана сезімін жоғалтып алады. Дәрігерлер спортшыдан мидың қатерлі ісігін анықтайды. Науқасқа алты жылдан сегіз жылға дейін өмір сүруі мүмкін деген болжам айтылады. Санаулы ғұмыры қалғанына қарамастан жігіт Анги есімді бойжеткен үйленеді. Олардың сүйкімді қызы да дүниеге келеді. Алғашқы отада нейрохирургтар басының оң жақ бөлігінен 2.8 сантиметрлі ісікті алып тастайды. Арада 4 жыл өткенде сараптама көрсеткішінен ісіктің қайта басталғаны белгілі болады. Жалпы алғанда, ол мидағы төрт операцияны, 42 радиациялық терапияны және химиотерапияның 29 курсын өткізді. 2016 жылы қатерлі ісік бесінші рет пайда болады.  Соңғысында 99,8%-ға көз жұму мүмкіндігін көрсетті. Қорқынышты  болжамға қарамастан Майкл 20 жылдан бері бақытты өмір сүруде. Қатерлі ісікке беріле қоймаған пациент диагнозы қойылған алғашқы күннен бастап күнделікті жүгіріп, жаттығулар жасайды екен. Медицина мамандары ауруды жеңуге оның өмірге деген құштарлығы мен спортты серік еткенінен дейді.

 


Қазақ халқының қызықты салт-дәстүрлері
Жиі қойылатын қазақ есімдерінің мағынасы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу