Ібілістің зәрі шашылған жерден темекі, насыбай, көкнәр өсіпті
Ұлық Алла адамды топырақтан жаратқанда періштелер Адамға құрмет көрсетіп, сәжде етеді. Тек Ібіліс иілмей тұрып алады. Ұлық Алла:
- Ей, Ібіліс! Неге адамға тағзым етпедің? - дейді. Ібіліс:
- Мен оттан, ол топырақтан жаралды. Одан артықпын, - деп жауап береді.
Сол кезде Алла қаһарланып, Ібіліске лағнет қамытын кигізеді. Алланың қаһары жауғанда Ібіліс қорыққаннан зәрін жіберіп қойыпты. Пейішті ластапты. Құдай Тағала періштелерге:
- Мына малғұнның зәрін жерге шашыңдар. Кімде-кім хақтан тайып, Ібілістің жолын ұстанса, оның жейтін тамағы осы зәрден болсын, - дейді.
Періштелер оның зәрін жерге шашады. Ібілістің зәрі тиген жерлерден темекі, насыбай, көкнәр өсіп шығыпты.