Түркістан облысында 81 адам эвакуацияланды

Oinet.kz 01-05-2026

Түркістан облысы Төлеби ауданындағы Ақмешіт ауылының туристік аймағында жауын-шашынның көп түсуіне байланысты Ақмешіт өзенінің су деңгейі көтерілді. 

image.png

Салдарынан демалыс аймағын және пикник алаңын байланыстыратын екі уақытша көпір шайылып, Екпінді аумағындағы өткелге де зақым келді.

Оқиға орнына ТЖМ күштері жедел жетіп, қауіпсіздік шараларын ұйымдастырды. Екпінді ауылынан 11 адам (оның ішінде 7 бала), ал демалыс аймағынан 70 адам (20 бала) эвакуацияланды.

Барлығы 81 адам қауіпсіз жерге көшірілді. Құтқарушылардың мәліметінше, зардап шеккендер жоқ, медициналық көмекке жүгіну жағдайлары тіркелмеген.

Қазіргі уақытта оқиға орнында ТЖМ қызметкерлері, «Қазселденқорғау» мамандары, полиция және жергілікті атқарушы органдар өкілдері жұмысын жалғастырып, уақытша өткел ұйымдастыру және аумақты қалпына келтіру шараларын жүргізіп жатыр.

Қазақстан мен Өзбекстан «Keruen Express» туристік пойызын іске қосты
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу