Білім саласында деректер қауіпсіздігі бұзылды: Павлодарда 2 мыңнан аса мұғалімнің жеке мәліметі жари

Oinet.kz 04-05-2026

Павлодар қаласында білім беру саласында жұмыс істейтін 2 мыңнан аса қызметкердің жеке мәліметтері жария болып кеткен. Бұл деректер мектеп әкімшіліктері тарапынан медициналық тексеруге қатысты құжаттармен бірге мемлекеттік сатып алу порталына жүктелгені анықталды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_4.png

Қадағалаушы органның мәліметіне сәйкес, 28 білім беру мекемесінің құжаттарын тексеру барысында қызметкерлердің анкеталық деректері, тұрғылықты мекенжайлары мен байланыс нөмірлері ашық түрде қолжетімді болған.

Прокурордың айтуынша, мұндай жағдай еңбек заңнамасының талаптарына қайшы келеді және жеке ақпаратты алаяқтық мақсатта қолдану қаупін арттырады.

"Мұндай ақпараттың жария болуы еңбек заңнамасының нормаларын бұзады және оны алаяқтық мақсатта пайдалану қаупін тудырады", – деп атап өтті прокурор.

Тексеру нәтижесінде прокуратураның араласуымен Павлодардағы 2 065 қызметкердің жеке деректері ашық қолжетімділіктен алынып тасталды. Сонымен қатар жауапты лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Айта кетейік, бұған дейін де студенттердің жеке мәліметтері жария болған жағдайға байланысты әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың деканы мен бірқатар қызметкері қызметінен босатылған болатын. Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек деректерді қорғау талаптары күшейтіліп, қауіпсіздік протоколдары тұрақты түрде жаңартылып отыратынын мәлімдеді. Сонымен бірге ақпараттық қауіпсіздік пен дербес деректерді қорғауға жауапты мамандарды оқыту жұмыстары жүргізіліп жатыр.


Мекеме ұжымымен кездесу өткізді
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу