Ресей бүгіннен бастап уақытша бітім жариялады
Ресей тарапы бүгін, 8 мамыр сағат 00:00-ден 10 мамырға дейін уақытша бітім жариялады, деп хабарлайды Оinet.kz.

Бұл шешім Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 81 жылдығын мерекелеуге байланысты қабылданған.
Ресей Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, бітім Ресей президенті Владимир Путиннің бұйрығына сәйкес енгізілді.
Ведомство бұл қадам мерекелік күндерде әскери әрекеттерді уақытша тоқтатуға бағытталғанын атап өтті.


