Нәлібаев Премьер-министрдің бірінші орынбасары болды

Нұрлыбек Нәлібаев ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
-Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаев Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды,-делінген хабарламада.
Нұрлыбек Нәлібаев 1976 жылы Қызылорда облысында туған.
1998-2005 жж. жеке коммерциялық құрылымдарда басшылық қызметтер атқарған.
2005-2007 жж. – Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары, бірінші орынбасары.
2007-2008 жж. – Қызылорда облысы әкімі аппаратының басшысы.
2008-2013 жж. – Қызылорда облысы, Шиелі ауданының әкімі.
2013-2021 жж. – Қызылорда облысы, Қызылорда қаласының әкімі.
2021-2022 жж. – Қазақстан Республикасы Премьер-министрі Кеңсесінің Өңірлік даму бөлімінің меңгерушісі.
2022 жылдың 7 сәуірінен бастап Қызылорда облысы әкімі қызметін атқарады.


