Қытайға барушылардың саны күрт артты

Oinet.kz 29-04-2026

Демалыс маусымы басталып, қазақстандықтардың қайда барып тынығатыны қайтадан күн тәртібіне шықты. Осы орайда ranking.kz порталы  ел азаматтарының шетелге шығу үрдісіне рейтинг жасаған екен. 

8efad964cd1e6d6b31592df5e0b5d42e.jpg

Ең алдымен, шетелге шығатындардың барлығы бірдей турист емес екенін ескерген жөн. Яғни, бір бөлігі жеке шаруамен барса, енді бірі нақты туристік мақсатта сапарлайды. 2025 жылы Қазақстаннан шетелге шыққан келушілер саны 11,8 млн адамды құрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,2%-ға аз. Олардың басым бөлігі – 10,2 млн адам – жеке мақсаттармен барғандар. Ал туристік мақсатпен шетел асқандар саны 417,1 мың адам болды. Сонымен қатар, 17,5 мың адам қажылыққа, ал 5,6 мың адам емделу үшін шетелге шыққан. Жалпы сапар бағыттарына келсек, қазақстандықтар көбіне көрші елдерге барады. Мәселен, Ресейге 3,1 млн адам, Өзбекстанға 2,9 млн, Қырғызстанға 2,6 млн адам барған. Ал туристік бағыттар мүлде бөлек. Бұл ретте қазақстандықтар алыс шетелдерді көбірек таңдайды.

2025 жылы ең танымал туристік бағыт Қытай болды. Бұл елге туристердің 32,9%-ы барған. Екінші орында Түркия тұр – 29,5%.

Айта кету керек, 2024 жылы бірінші орында Түркия болған. Алайда Қытаймен туристік алмасу бағдарламалары бұл көрсеткішті өзгерткен.

Нәтижесінде, Қытайға барған қазақстандық туристер саны 137,3 мың адамға жетіп, 8,7%-ға артты. Сұранысқа ие бағыттардың қатарында Мысыр да бар – 43,1 мың адам. Сондай-ақ Грузияға 31,8 мың, БАӘ-ге 22,6 мың, Вьетнамға 13,5 мың турист барған.

Үздіктердің мерейі үстем болды
Аймағамбетовтың реформасы өзін-өзі ақтады ма?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу