Ресей мен Украина Жеңіс күніне орай 8–9 мамырға бітім жариялады

Oinet.kz 05-05-2026

Ресей 8 және 9 мамыр күндері Жеңіс күнін мерекелеуге байланысты бітім жариялады. Сондай-ақ Украина тарапы да 6 мамыр күні түнде атысты тоқтататынын мәлімдеді.

image.png

Ресей Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, мұндай шешімді РФ Қарулы күштерінің Жоғарғы бас қолбасшысы Владимир Путин қабылдаған.

– Украина тарапы да біздің үлгімізді ұстанады деп үміттенеміз, – деп атап өтті әскери ведомство.

Сондай-ақ берілген ақпаратқа сәйкес, мерекелік іс-шаралардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шаралар қабылданатыны да айтылған.

Ал Украина президенті Владимир Зеленский 6 мамырдан бастап бітім режимі енгізілетінін мәлімдеді. Бұл туралы мемлекет басшысы өзінің Telegram арнасында жазды.

– Біз адам өмірін кез келген мерейтойды атап өтуден әлдеқайда қымбат деп санаймыз. Осыған байланысты 5 мамырдан 6 мамырға қараған түнгі сағат 00:00-ден бастап тыныштық режимін жариялаймыз, – деді ол.

Оның айтуынша, Киев атысты тоқтату шарттарына қатысты ешқандай ресми ұсыныс алмаған.

Айта кетейік, бұған дейін Путин Трампқа Жеңіс күні қарсаңында келісім жасауға дайын екенін мәлімдеді.

Ал оған дейін Зеленский Ресеймен келіссөздерді Әзербайжанда өткізуді ұсынды.

Қазақстан мен Литва көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты күшейтпек
Таразда қайыр сұраған баланың анасына айыппұл салынды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу