Психологиялық тест: «Жарқыраған үш жұлдыздың бірін таңдаңыз!»
Бірінші жұлдыз. Сіз өте мықты және еңбекқор адамсыз. Таңертеңнен кешке дейін бір орында тапжылмай, қиын әрі күрделі жобамен айналыса аласыз. Бойыңызда тәуекелшілдік тұнып тұр. Қандай шешім шығарсаңыз да, тек жақсылығын көруге тырысасыз. Бір көрген кісі сізді еңбексүйгіш деп бағалайды, олар қателеспейді де. Бірақ сіз жұмысыңызға деген шексіз махаббатыңыз арқылы өзге еңбекқор жандардан ерекшеленіп тұрасыз. Ойға алған ісіңізді соңына дейін жеткізбей тынбайсыз.
Екінші жұлдыз. Сіз талғампазсыз және өте жақсы тәрбие көргенсіз. Күні бойы қонақтың көңілін аулап, қызықты әзілдермен жүзіне күлкі сыйлап отыра аласыз. Әлемдегі ең жақсы адам екеніңізді көрсеткіңіз келеді. Барлығы сізді біртуар тұлға ретінде қабылдағанын қалайсыз. Алғаш көрген жан сізді көрсеқызар, кейде ептеген тәкаппар деп ойлайды. Мойындаңыз, мұндай ой тууына өзіңіздің үлесіңіз бар. Кез келген нәрсенің сапалысын таңдайсыз, ең жақсысын ғана алғыңыз келеді.
Үшінші жұлдыз. Қажырлы әрі біртуар жансыз. Күні-түні қиын да күрделі кітапты оқып, қозғалмай отыра аласыз. Идеялар әлемінде адасып кетуге де бел буасыз. Бірақ олар жұмбағы мен тылсымы көп болған сайын, сізді қызықтыра түседі. Бір көрген жан сізді әлемде не болып жатқаны мүлдем қызықтырмайды деп ойлайды. Іс жүзінде, өте әуесқой кісісіз. Өзіңізді қызықтырған нәрсе жөнінде профессорлардан да озып, толығымен түсінбейінше оқи бересіз.