Психологиялық тест: «Көбелектің бірін таңдаңыз!»
1 Көбелек. Сіз әрдайым биікке ұмтыласыз, барлығынан жоғары тұруды қалайсыз. Мемендігіңіз жоғары деңгейде. Бірақ эгоист емессіз. Бар күш-жігеріңізді жұмысқа жұмсайсыз. Себебі әлемді жақсы жағына өзгерткіңіз келеді. Бұл сіздің қолыңыздан келеді.
2 Көбелек. Сіз қатал адамсыз, дегенмен жақындарыңыз сіздің қасында өзін қауіпсіз сезінеді. Жеке басыңызға қатысты және қаржылық жетістіктерді жақсы көресіз, бірақ оны ең бірінші орынға шығарып жібермейсіз.
3 Көбелек. Кез келген адаммен оңай әрі тез араласып кетесіз. Елгезек адамсыз, барлығына түсіністік танытасыз. Адамдарға ақыл айтпай-ақ, тыныш тыңдай аласыз. Өзгелерге көмектескен өте ұнайды.