Психологиялық тест: «Ағаштың бірін таңдаңыз!»
Бірінші ағашты таңдадыңыз, үнемі өзгелерге пайдаңызды тигізуді ойлап тұрасыз. Ұйымдастыру жұмыстарында жолыңыз болғыш. Бірақ үйде бәрі басқаша. Жеке өміріңізде тепе-теңдікті табу қиын, жиі жүйкеңіз жұқарады. Барлығын назарда ұстағыңыз келеді, бірақ ол үшін балансты табу керек. Өмірге деген терең көзқарастар қалыптастыруға көбірек уақыт бөліңіз.
Егер екінші ағашты таңдаған болсаңыз, сізді басқалар жақсы көріп, сыйлап жүргенін ұнатасыз. Парасатты әңгіме, жақсы кітап, жаңа білім, сүйікті әуендер – сіз үшін ең жақсы күннің құрауыштары. Әрдайым кішіпейілсіз, бұл сізге ерекше күш береді. Жетістіктеріңіз арқылы басқаларды басқарғыңыз келеді, бірақ имиджіңізге нұқсан келтіретін бірден-бір жағдай – эгоистік. Айналаға зер салыңыз, сізден де басқа жақсы көруге тұратын дүние жетерлік.
Үшінші ағаш таңдауыңыз болса, сіз өзгелерден өзгерексіз, үнемі көңілді жүресіз, адамдармен тез араласып кетесіз. Басқалардан тек жақсылықты көріп, жағымды ойлар ойлайсыз, бұл өзіңіз үшін де жақсы. Жануарларды жақсы көресіз, қызықты фильмдер көріп, әңгіме-дүкен құрған да ұнайды. Романтикалық кештерге қарағанда, жақынмен өткізген жарты сағатты артық көресіз.
Төртінші ағашты таңдасаңыз, сіз еңбекқор әрі өзгермелі адамсыз. Сезімдеріңізді сыртқа шығаруды ұнатпайсыз. Әлемді өзгерте алатыныңызға сеніміңіз мол. Сізбен араласқан адамдар бойыңыздағы қарапайымдылықты жоғары бағалайды. Өмірдің мәнін мұңнан іздейсіз, өз-өзіңізбен жиі торығып отырасыз. Негізінен жайсыздық пен депрессия өміріңізді тек қиындата түседі, сол себепті одан бас тартыңыз.
Егер, бесінші ағашты таңдаған болсаңыз, сіз уайымшылсыз. Сондықтан өмірдің тосын сыйларына жолықпас үшін, барлығын алдын ала жоспарлап қоясыз. Ауырдың астымен, жеңілдің үстімен жүресіз, ештеңенің байыбына бармайсыз. Шынайы қарым-қатынастан қорқасыз. Қызығушылықтарыңыз бен армандарыңыздың артынан ілесуге жүрексінбеңіз. Жаныңызға шаттық сыйлайтын істі табыңыз.