«Неге менің бағым жанбай жатыр?» Баян Мақсатқызы шәкірті Ерке Есмаханның өткенін еске алды

Oinet.kz 18-11-2024 924

Танымал продюсер Баян Мақсатқызы "Din Dina Show" бағдарламасында шәкірті болған Ерке Есмаханның ұзақ уақыт бойы эстрадада жолы болмағанын мойындады, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі. 

Screenshot_1.jpg

Шоу-бизнес өкілі әнші арудың жұлдызды сәтін ұзақ күтіп қалғанын  жасырмады. 

“Жанар Дұғалованы “Алтын қыз” деп атадым. Бағымға көрсетіп, мықты дауыс иесі екенін бірден білдім. Ол менің алдыма 23-24 жасында келді. Өте ересек, ақыл тоқтатқан қыз болды. Алайда қыздарымның ішінен жұлдызды сәтін ұзақ күткен Ерке Есмахан болды. Ол көп еңбектенсе де, жолы болмай жүрді. Екеуміз барымызды салдық. Бірақ сәті түспей жатты. Ол маған келіп, "Баян Мақсатқызы, сіз Жанарды, Мөлдірді, Кәмшатты жұлдыз еттіңіз. Неге менің бағым жанбай жатыр?" деп айтатын. Мен оған "Сенің уақытың келеді, күту керек, мойыма" дедім. Бұл сөздерімді өзі де растайды. Ол ерекше нәзік дауыс иесі. Мұндай дауыс тыңдарманға ұнамауы мүмкін емес. Ол үйіме келіп, жылап отыратын. "Не істейміз?" деп басымыз қатты. Бірнеше рет жолымыз болмады. Бірақ соңында ол қыз эстраданы жарды. Ракета секілді ұшып кетті", - деді продюсер.

«Ұшақ сыйлайтын күн алыс емес»: Әнші Бүркіт әйеліне қымбат сыйлық алуды жоспарлап жүргенін айтты
«Еркектер жүрген бір сорлы»: Танымал актер қазақстандық фильмді сынады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу