«Ұшақ сыйлайтын күн алыс емес»: Әнші Бүркіт әйеліне қымбат сыйлық алуды жоспарлап жүргенін айтты

Oinet.kz 12-11-2024 549

Танымал әнші Бүркіт жары Аишаға ұшақ сыйлағысы келетінін жасырмады, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. 

Screenshot_4.jpg

Өнер иесі журналист Әйгерім Сейфоллаға сұхбат беріп, осы күнге дейін әйеліне түрлі сыйлық бергенін айтты. 

“Аишаға үнемі сыйлық жасағым келеді. Жасап та жүрмін. Оның көңіл күйіне қарап тұрамын. Енді бір ұшақ сыйлағым келеді. Жеке ұшағымның болғанын қалаймын. Ұшқыш болу – бала күнгі арманым еді. Бірақ Аиша: “Ұшақты сен айдасаң, мен оған мінбеймін” деді. Маған сенбей тұр. Өйткені ұшақты өзім басқарғым келеді. Соның оқуын оқып, практикалық түрде үйренгім келеді. Жалпы жоспарда бар”, – деді әнші.

Сонымен қатар өнер иесі жақында атақ алған әріптестеріне қатысты та пікір білдірді. 

“Димаштың әңгімесі бөлек. Бүкіл дүниежүзін аралап, концерт беріп жүрген әртіс. Керемет феномен. Сол себепті бұл жерде салыстыруға келмес. "Халық әртісін" алу бізге әлі ерте. Менің ойымша, біз әлі соншама еңбектенген жоқпыз. Әр нәрсенің өз уақыты болады. Оған мотивация жақсы болу керек. Менің де мотивациям жақсы. "Еңбек сіңірген қайраткерді" алсам да, он жылдан кейін "Халық әртісін" беріп жатса, тек қана қуанамыз. Әрине оған дейін біз жақсылап еңбектену керекпіз. Жұмыс жасап, көп әндер шығарып, халыққа қызмет етсек", - деді Бүркіт. 

«Жолымыз екі бөлек деп ойладық»: Айжан Байзақова күйеуімен жиі ренжісіп қалатынын айты
«Неге менің бағым жанбай жатыр?» Баян Мақсатқызы шәкірті Ерке Есмаханның өткенін еске алды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу