«Жолымыз екі бөлек деп ойладық»: Айжан Байзақова күйеуімен жиі ренжісіп қалатынын айты

Oinet.kz 12-11-2024 152

Танымал блогер Айжан Байзақова отбасындағы кикілжіңге қатысты ойын бөліст, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі. 

Screenshot_1.jpg

Желі жұлдызы жолдасымен қатты ренжісіп қалатынын жасырмады. 

“Мына суретке үлкен жанжалдан кейін ертесіне түстік. Сол күні ұрысқанда бәрі бітті, жолымыз екі бөлек деп ойладық. Алайда таңертең түк болмағандай бірге тауға барғанбыз. Біздің жанұяда бірінші болып Нұрбек татуласады. Ал мен ашуым мен ренішім тез тарқайтын адаммын", – деді Айжан Байзақова.

Одан кейін блогердің күйеуі әлеуметтік желіде жұбайлар арасындағы қарым-қатынас адамның мінезіне байланысты екенін айтқан болатын. 

“Ұрысқа уақыт кетірмей, бір-біріңді қуантатын, сүйіспеншілікке толы сәттерді көбірек өткізу керек. Жай ғана жақсы қарым-қатынас орнатып, бір-біріңе жылы сөз айтып, құшақтасып жүрген жақсы", – деген еді Нұрбек Арыстан. 

«Келесі аялдама – Трамп»: Танымал мобилограф Қыран Талапбек футболшы Роналдиньомен кездесті
«Ұшақ сыйлайтын күн алыс емес»: Әнші Бүркіт әйеліне қымбат сыйлық алуды жоспарлап жүргенін айтты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу