Психологиялық тест: «Қай жұлдызды таңдар едіңіз!?»

Oinet.kz 26-10-2020 4624

image.png

1. Жұлдыз. Адам жанын жұбататын түс. Мұны таңдаған адамның негізінен пейілі таза, достыққа жаны құштар келсе керек. Үнемі байлансы іздеп тұрады. Алғашқы болып хабарласады, соңғы болып қоштасады. Әлемді осындай адамның мейірімдері ұстап тұр.

2. Жұлдыз. Иә, мұны таңдаған адамның ойлау қабілеті тым бөлек. Ешкімге ұқсағысы келмейді. Жиі жұмыс, тұрмыс ауыстырады. Алайда ескі дос пен махаббатқа деген адалдығы тап-таза.

3. Жұлдыз. Жалпы бұл жұлдызды таңдаған адамдар қызуқанды келеді. Не ішкі толғаныстары басып. Шорт кесім – шешімі. Қабылданған шешімі үшін өкінбейді. Тік адамдар. Ұнатса соңына дейін, ұнатпаса мүлде араласпай қояды.

4. Жұлдыз. Негізі сары түс сағыныштың белгісі. Руханияты пісіп толған, ішкі жан дүниесі бай адамдар. Алыста аңсап жүрген адамы бар болуы мүмкін. Сол сағыныш бұл адамды қозғаушы күш.

5. Жұлдыз. Үнемі көңілді адамдар. Жасына қарамастан бойынан бала қылықтары арылмаған. Тез кешіреді, тез өкпелейді. Бәлкім, шығармашыл адам болуы да мүмкін.

6. Жұлдыз. Сіздің жаныңыз артық адамдарға орын болмайтын шағын ғана әлем. Жалғыз қалғанды жаныңыз сүйеді. Әлемді жалғыз шарлап, түрлі шараға баруды ұнатасыз. Әңгімелесуші мен қамқоршыға зәру емессіз. Достарыңызды қатты жақсы көретініңіз рас. Алайда жалғыз қалуды су тамшысындай ұнатасыз.

7. Жұлдыз. Сізді алда талай қызықты күндер күтіп тұр. Өміріңізді сұлулық, тосын сый, қызықты оқиға дегендерсіз елестете алмайсыз. Жалғыздықты мүлдем дерлік ұнатпайсыз. «Қанша өмір сүрсең де, үйренуден жалықпа!» қағидасына сай өмір сүресіз. Айналаңызға үнемі қызығушылық танытып, сұрақ қойып жүресіз.

Психологиялық тест: Әсем құмыраның бірін таңдаңыз!
Биологиялық сағат: неліктен адамдар қартаяды?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу